Кейіпкер, қаһарман, кейіп, бейне, образ

lat: Keıipker, qaharman, keıip, beıne, obraz.

Көркем шығармада сипатталатын іс-әрекет иесі. Бір шығармадағы бар кейіпкердің бейнесі түгел өз орнында болып шығуы өте қиын (Ғ. Мүсірепов). Баяндалатын ертегінің жағымды қаһарманы қарапайым еңбек адамының күнделікті тіршілігі арқылы өрбиді («Қаз. әдеб>). Жырдағы сүйіскен жастардың аңсаған талабына балта шапқан ұнамсыз кейіптің бірі - Қодар (М. Әуезов). Абай бейнесі Қанабек Байсейітов ойнағанда да жақсы шыққан («Соц. Қаз.»). Пушкин сол Мазепа образы арқылы Бірінші Петр заманындағы Россия тарихын көз алдына алып келеді (С. Талжанов).